ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУДІ ТАЛАПТАРҒА САЙ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРДЫ Избранное

Среда, 03 Апрель 2024 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 211 раз

Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде халық денсаулығын жақсартуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев жергілікті тұрғындарды медициналық ұйымдарға тіркеу, инфекциялық ауруларды алдын алу мен індетке қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстарын баяндады.

AkimaT

 

Қала әкімі тиісті басқарма басшысына емханаларға тіркелуді талаптарға сай реттеп, заңсыздықтарға жол бермеу қажеттігін ескертті.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Өнербаев волонтерлік жобаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға еріктілердің жұмысына қолайлы жағдай жасап, оларды қолдау бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аппарат отырысында қала тазалығын сақтауда атқарылып жатқан жұмыстар да пысықталды. Бұл ретте сала басшыларына аудандардағы тазалық шараларын жоспарға сай ұйымдастыру ескертілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.