БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Избранное

Среда, 03 Апрель 2024 04:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 209 раз

Қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы лауазымына Оңғар Әбілқайыр Бақытқалиұлы тағайындалды.

Bashi

 

Әбілқайыр Бақытқалиұлы 1994 жылы 25 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында дүниеге келген.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және КАЗГЮУ университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - экономика және бизнес, құқықтану.
Еңбек жолын 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи пайдалануды реттеу басқармасының инспекторы қызметінен бастаған.
2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, 2018-2023 жылдары Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың 13 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.