Ғылыми жоба – ғылымға апарар жол Избранное

Пятница, 05 Апрель 2024 07:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 286 раз

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Жастар ғылымының даму векторлары» тақырыбында республикалық студенттік ғылыми конференция аясында «SCIENCE KIDS – ғылымдағы балалар» атты көрме өтіп жатыр.

BiliMM

 

Көрмеге қаладағы білім ордаларынан 60-тан астам мектептің ғылымға құштар оқушылары қатысты. Жас ғалымдар көрмеде жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономиалық бағыттарда өздерінің ерекше жобаларын ұсынды.
– Сәуір – ғылым айы. Бұл айда тек ғалымдарға құрмет көрсетіліп, кәсіби мереке тойланып қана қоймай, білім-ғылымға құштар оқушылар мен студенттердің ғылымға құштарлығын арттыруда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Бүгінгі көрме – соның дәлелі. Мектептерде ғылыммен айналысып жүрген оқушылар жетекшілерімен бірге келіп, өз жобаларын ұсынды. Арнайы комиссия креативті жобаларға төрелік жасап, үздіктер марапатталады, – деді Ғылыми қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы Мұрат Кемелбекұлы.
Көрмеде балалардың «ақылды үй», робототехника, өсімдіктерді будандастыру, табиғи парфюм жасау бойынша жасаған дүниелері көпшілікті қызықтырды.
Елімізді әлемдік технологиялық көшбасшыға айналдыруда ғылым саласында үлкен жұмыстар жүзеге асып жатыр. Ал, балалардың қызығушылығын мектеп қабырғасынан ояту үлкен ғылыми жетістіктер мен жаңалықтардың бастамасы болары анық.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.