ТҰРҒЫНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ Избранное

Среда, 10 Апрель 2024 05:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 101 раз

Қаладағы Арбатта медицина қызметкерлері мен жастар «Денсаулық күнін» атап өтті.

dariger

 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен студенттік емхананың ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 10 емдеу орталығынан медицина қызметкерлері қатысты. Дәрігерлер Арбатқа жиналған қала тұрғындарына медициналық кеңес беріп, әрбір азамат талдаулар үшін қан тапсырып, қан қысымын өлшеуге мүмкіндік алды. Жалпы шара аясында 700-ге жуық тұрғынға медициналық көмек көрсетілді. Алғашқы медициналық көмек түрін көрсету бойынша қала тұрғындарына жедел жәрдем қызметкерлері практика жүзінде әдістер көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.
Ал, жастар салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық жарыстарға қатысып, көпшілікті жаман әдеттерден аулақ болуға және белесенді өмір сүруге шақырды.
Іс-шарада жас суретшілердің салауатты өмір салтын насихаттауға арналған көрмесі де өтті.
Айта кетейік, 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасауға, түрлі аурулардың алдын алуға арналған күн. Биылғы атаулы күн «Менің денсаулығым — менің құқығым» атты ұранмен өтті.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.