Депуттар ұсынылған канитатураны мақұлдады Избранное

Среда, 03 Июль 2024 05:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 209 раз

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 18-сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Регламентке сәйкес күн тәртібіндегі Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің лауазымына тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралды.

3 deputat

 

Сессия барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы әкімінің лауазымына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тағайындау үшін Шәкір Асылханұлы Сұлтанханның кандидатурасын ұсынды.
Мемлекеттік қызмет саласында қызмет атқарып, халықпен тікелей байланыста жұмыс жүргізіп келген Шәкір Асылханұлының жұмысына сәттілік тілеген қала әкімі Мемлекет басшысының аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауда біліктілігі мен тәжірибесі жететініне сенім білдірді.
Шәкір Асылханұлы 1971 жылы дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Алматы қалалық ішкі істер органдарында, Алматы қалалық Әділет басқармасының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы, бас маман, бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша Әділет басқармасы және Алматы қаласы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары, Тіркеу қызметі комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының директоры, Алматы қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болды.
Аталған лауазымға дейін Шәкір Асылханұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарған.
Өз кезегінде Шәкір Асылханұлы сессияға қатысушылар алдында ауданның көркейіп, дамуы жолында аянбай еңбек ететіндігіне сөз беріп, үлкен жауапкершілік артып отырған қауымның сенімін ақтауға тырысатынын жеткізді.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.