БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ Избранное

Среда, 31 Июль 2024 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 515 раз

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, ретке келтіру іс-шаралары жалғасын табуда. Шымкент қаласының жастары Бадам өзенінің Әл-Фараби ауданы аумағынан ағып өтетін тұсында тазалық жұмыстарын жүргізді.

musoRBadam

 

Іс-шараға еріктілер және үкіметтік емес ұйым өкілдері, жалпы 40-қа жуық белсенді жас қатысты. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – жастарды парасаттылыққа баулу және де бәрімізге ортақ қаламыздың тазалығын сақтай отырып, осы игі іс-шараны жастар арасында насихаттау.
Жастар ресурстық орталығының Әл-Фараби ауданы бойынша бөлім басшысы Қайыржан Бөгенбаевтың айтуынша, еріктілер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері де экоакцияға белсенді үлес қосып келеді.
Іс-шара барысында жастар өзен бойын ретке келтіріп, шашылған қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.