Іс-шараға еріктілер және үкіметтік емес ұйым өкілдері, жалпы 40-қа жуық белсенді жас қатысты. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – жастарды парасаттылыққа баулу және де бәрімізге ортақ қаламыздың тазалығын сақтай отырып, осы игі іс-шараны жастар арасында насихаттау.
Жастар ресурстық орталығының Әл-Фараби ауданы бойынша бөлім басшысы Қайыржан Бөгенбаевтың айтуынша, еріктілер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері де экоакцияға белсенді үлес қосып келеді.
Іс-шара барысында жастар өзен бойын ретке келтіріп, шашылған қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізді.