ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ Избранное

Среда, 31 Июль 2024 05:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 538 раз

Өкінішке қарай қазіргі қоғамда алаяқтық кеңінен белең алуда. Алаяқтардың құрбаны болған қаншама жанды күн сайын көріп, естіп жатамыз. Бөтеннің мүлкін заңсыз жымқырып немесе алдау, арбау арқылы иемденіп алу – нағыз алаяқтық. Бұндай әрекеттер үшін еліміздің заңында қатаң жауапкершілік бекітілген. Дегенмен, алаяқтардың әрекетіне толықтай тосқауыл қою мүмкін болмай тұр.

KarPiram

 

Мәселен, Шымкент қаласында 2023 жылы 960 жәбірленуші қаржылық пирамидаға тіркеліп, 720 млн. теңгеге шығынға батса, 2024 жылдың алғашқы 6 айында 690 жәбірленуші қаржылық пирамидасына тіркеліп, 423 млн. теңгедей шығынға батқан.
Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков өңірлік коммуникация алаңында берген баспасөз конференциясында айтты.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде жүргізіліп жатқан істің барлығы электронды форматта тіркеліп, тергеледі. Департамент мәліметіне сүйенер болсақ, жыл басынан бері қаржылық пирамидаларды құрудың үш оқиғасы орын алыпты. Оның екеуіне қатысты сот үкімі шығып, алаяқтық схема жасаушылар бас бостандығынан айырылған. Ал, бір іс өндірісте қаралуда. Өкініштісі, көлеңкелі экономикаға құмартатындардың басым көпшілігі әйелдер екен. Олар аз көлемде ақша беріп, бірнеше уақытта миллионер боласың деген сөзге тез сеніп қалады дейді мамандар. Сондықтан, білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарында нда қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша семинар-тренигтер жиі ұйымдастырылады дейді департамент басшысы.
– Президент тапсырмасына сәйкес, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, заңсыз жолмен табылған мүлікті қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Қаржылық пирамида алаяқтар ойлап тапқан жобалар. Бір қарағанда тиімді инвестиция сиқты көрінеді. Онымен күресу үшін экономикалық тергеп-тексеру департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында форумдар мен түрлі конференция ұйымдастырады. Көп ретте алаяқтардың арбауына жастар жиі түседі. Ал түрлі айланы ұйымдастырушылардың дені әйелдер. Жыл басынан бері 3 қылмыстық іс анықталып, 2 іс бойынша сот шешімі шықты. «Ақ үй арман» және «Гәп» деген қаржылық пирамидалар анықталды,-дейді Бақыт Қайшыбеков.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.