БЕС МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ Избранное

Среда, 31 Июль 2024 05:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 514 раз

Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» атты бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

bosJum

 

Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық партия филиалының өкілдері, «AMANAT» партиясы фракциясының депутатары, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Павлодар облыстарының делегация мүшелері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшылығы қатысты.
Жәрмеңкеде биылғы бітіруші түлектерге, жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары мен жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі, бос орындар, ерікті түрде солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы, мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша түсіндірме жүргізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы кеңес берілді.
Жәрмеңкеде 82 мекеме 963 тұрақты жұмыс орнын таныстырып, қалған жұмыс берушілер онлайн түрде бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы 150-ден астам мекемеден 5 мыңға жуық бос орын ұсынылды.
Жұмыс берушілер 500-ге жуық адамға кеңес, ал, 103 адамға жолдама берді. Атап айтқанда, 50 адам тұрақты жұмысқа, 30 қатысушы «Жастар практикасы», 18 жасқа «Алғашқы жұмыс» орнына, 5 адам «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы бойынша жолдама алды. Одан бөлек, 41 адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқу мен қайтарымсыз грант алу бойынша кеңес берілсе, 77 отбасы ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.