ШЫМКЕНТТЕ 32 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ Избранное

Пятница, 06 Сентябрь 2024 05:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 309 раз

Қала халқының табысының артуына байланысты, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылар саны 30,4 пайызға азайды.

jumisKam

 

Қаламызда бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Биыл 8 227 отбасындағы 42 866 адамға атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы дейінгі балаларға
1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем 14 329 балаға төленді.
Халықты жұмыспен қамтудағы негізгі мәселе – жұмыссыздық деңгейін төмендету. Былтырғы жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, оған 73 984 адам қатысқан. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға құраған. Ал, осы жылдың басынан бері жұмыссыздык 4,8 пайызды құрап отыр.
Биыл жұмыспен қамту шараларына 56 962 адамды қатыстыру көзделген, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 32 128 адам қатысты. 2024 жылдың ІІ тоқсандағы жағдаймен жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1 пайыз (жоспар), құрап отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.