Инвестиция тартудың мүмкiндiктерi сараланды Избранное

Вторник, 15 Декабрь 2015 05:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3017 раз

Қала әкімдігінің мәжіліс залында инвестиция тартудың мүмкіндіктері мен бүгінгі бағамы бойынша арнайы семинар ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, бөлім басшылары, қаржыгерлер мен кәсіпкерлер қатысты.


14

Жеке инвесторлардың қала экономикасының дамуына қосар үлесі мен маңызы атап көрсетілген семинарда баяндама жасаған Астана қаласынан келген мамандар В.Савин, Н.Разниченко, менеджер А.Аханов инвестиция тарту өз кезегінде отандық өндірісті дамытуға сеп болатынын айтты. Сондай-ақ, баяндамашылар қаланың инвестор тартудағы мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оны жетілдіре түсу жолдарын ұсынды.
Шымкент қаласына арнайы келген мамандар қаланың 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасы жобасында көрсетілген басым бағыттарға айрықша назар аударды. Бұл бағытта алғашқы қадам сәтті жүзеге асуда деп бағалауға болады. Осы қысқа мерзімде қала әкімі Түркия, Германия, Испания, Корея, АҚШ және өзге де елдердің инвесторларымен екі жақты кездесу өткізіп, бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізген. Қазіргі таңда, аталмыш елдердің инвесторлары Шымкент қаласына белгілі бір мақсатта қомақты қаржы салуға ниет танытуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.