×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Шымкентте бас шыршаның шамы жағылды Избранное

Пятница, 25 Декабрь 2015 06:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5434 раз

Жаңа жылдың басты символы саналатын бас шырша қала орталығындағы Әл-Фараби алаңында орнатылды. Бас шыршаның шамын жағу рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов қатысып, қала тұрғындарымен бірге мерекелік шараның куәсі болды. Бас шыршаның шамын жағу рәсімінен кейін қала әкімі көпшілікті келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


elka– Қой жылы еліміз үшін табысты өтті деуге болады. Шымкент қаласы Астана, Алматы қалаларынан кейінгі үшінші қала ретінде мәртебесі артты. 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасының жобасы дайындалды. Стратегиялық бағдарлама аясында алдағы жылдары атқарылуы тиіс нақты міндеттер белгіленді. Қашанда бірлік пен берекенің ұйытқысы бола білген қала тұрғындарына алдағы уақытта тек толағай табыс тілеп, қаламыздың көркейіп, дамуына баршамыз бірлесе атсалысайық деген ізгі тілегімді жеткізгім келеді, – деді қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы.
Биіктігі 18, ені 9,5 метр шыршаның алдына жиналған тұрғындар қаладағы мектеп ұжымдарының қатысуымен орындалған мерекелік қойылымдарды тамашалады. Қатар сап түзеп, Аяз ата мен Қарша қыз бейнесінде бірыңғай киім үлгісінде киінген ұл-қыздардың әсем қимылдары көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Айта кетейік, қала тұрғындары асыға күткен жаңа жылдық шыршаларды безендіру жұмыстары жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен жүргізілді.
Бас шыршаға 7500 метрлік безендіру заттары мен жарықтандыру құрал-шамдарынан өзге 2250 дана ойыншықтары ілінген. Ерекшелігі сол, шырша қазақы ою-өрнектермен әшекейленіп, ұлттық нақышта безендіріліпті. Бұдан өзге, жаңа жылдық шыршалар қаланың бірнеше саябағында және жаңа әкімшілік іскерлік орталығының алаңында орнатылған.

Последнее изменение Пятница, 25 Декабрь 2015 06:33