Зауал – заңсыз құрылыстан Избранное

Пятница, 09 Декабрь 2016 06:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5298 раз

блыс әкімінің тапсырмасымен Шымкент қаласы аумағындағы заңсыз және заң талаптарын бұза отырып салынған нысандарды ретке келтіру бойынша түзілген іс-шара жоспарына сәйкес қаланың негізгі көшелерінің бойында орналасқан 630 құрылыс нысанына зерделеу жұмыстары жүргізілген.

Облыс аумағында басқарма тарапынан заңсыз және заң талаптарын бұза отырып салынған (салынудағы) құрылыс нысандары бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жүргізе келе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құрылыс нысандарына жер телімдерін бөлу, салу және пайдалануға беру барысында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптерінің өрескел бұзылу фактілерінің орын алғаны анықталды.

Атап айтсақ, «ЖерҒӨО»РМК-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының болжамды жүргізілген дерекқор мәліметіне сәйкес, 2002-2012 жылдар аумағында облыс көлемінде қала, аудан әкімдіктері мен оның құрылымдық бөлімдері тарапынан, заңнамада белгіленген нормалары мен талаптары сақталмай құрылыс нысандарын салуға 200 мың жер телімдері бөлініп таратылған.

hundreds-of-american-shopping-malls-should-be-demolished

Шымкент қаласында қаланың бас жоспарына 2004-2012 жылдары өзгерістер енгізіліп бекітілген. Осы 2004 жылы бекітілген бас жоспарға сәйкес 2004-2007 жылдары аралығында Шымкент қаласына Сайрам ауданынан енген 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198 есептік қадастрлық орамдардағы ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді Сайрам аудандық, ауылдық әкімшіліктері заң талабын бұзып (бекітілген қаланың бас жоспарына қайшы, қала құрылыс жобалары жасақталмай) жеке тұрғын үй, жеке қосалқы шаруашылық және басқа да құрылыс нысандарын салу үшін жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін бөліп таратып, ҚР Үкіметінің қаулысымен 2007 жылы қала әкімдігінің әкімшілік басқаруына берілген.

Мысалы, бекітілген бас жопарға сәйкес қөп қабатты түрғын үйлер ауданы жоспарланған аймақтар 194 орамда «Мирас», «Нұртас», «Тұран» және т.б. шағын ауданында жер телімдері 800 шаршы метрден бөлініп, жер актілерінде «ірі қара мал фермасы, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, сауда нысандары, жеке қосалқы шаруашылық және т.б. нысаналы мақсаттар үшін» деп берілген. Қалаға енген басқа да есептік аумақтары, заң талаптары бұзылып, осылай таратылған. Мұндай келеңсіз жағдайлар Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан да орын алған. Мысалы «Ақ ниет», «Қошқар ата» өндірістік кооперативіне 110 га, «Қатынкөпір» шаруа қожалығы үшін 200 га ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге бөлінген жер телімдері қала құрылыс жобалары жасақталмай 800 шаршы метрден жеке тұрғын үй және басқа да коммерциялық құрылыс объектілерін салуға үлестірілген.

Сонымен қатар, «Асар-2» ш/а аумағында, 500 га жер учаскесі, нысаналы мақсаты ірі қоғамдық тұрғын кешен құрылысы, 800 га жер учаскесі, нысаналы мақсаты автожанармай құю станциясы, дәмхана, сауда орталығы және жеке тұрғын үй құрылысын салуға деп беріліп, қала құрылыс жобалары жасақталмай 800 шаршы метрден жеке тұрғын үй құрылысына таратылған. Осы 800 шаршы метрден бөлінген жер телімдерінің актілерінде нысаналы мақсаттары «ірі қоғамдық тұрғын кешен құрылысы, автожанармай құю станциясы, дәмхана, сауда орталығы және жеке тұрғын үй құрылысын салуға» деп көрсетіліп, ҚНжЕ талаптары бұзылған. 

2012 жылы бекітілген Шымкент қаласының бас жоспары негізінде қаланың көлемі 117 мың гектарға ұлғайып, іргелес аумақтар (Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарына қарасты жерлер) қала құрамына енгізілді. Аудандардан қосылған жалпы 73 491 га жердің 4000 га жуық ауыл шаруашылығына арналған жерлері (қала құрылыс жобалары жасақталмай) 8-10 соттықтан бөлініп, оның 30 пайыздан астамына жеке тұрғын үйлер қора-қопсылар салынып өткен. Мысалы, Сайрам ауданынан өткен Қызылжар, Ынтымақ, Жиделі шағын аудандарында әуежайдың қорғау аймақтарындағы ауылшаруашылық жерлер жеке тұрғын үй салуға таратылып кеткен. 

Сонымен қатар, қала аумағына қосылған ауыл шарушылық мақсатындағы жерлер, қаланың шығыс бағытындағы Сайрам елді мекеніне қарасты 150 га жер 1000 учаскеге, оңтүстік, бағытындағы Бадам е/м 150 га жер 1500 учаскеге, оңтүстік шығыс бағытындағы Жұлдыз е/м орналасқан 130га жер 1300 учаскеге, солтүстік бағыттаға Бозарық е/м 120 га жер 1500 учаскеге, солтүстік батыс бағытындағы «Қайнар бұлақ» е/м 650 га жер 2500 учаскеге, батыс бағыттағы Ынтымақ е/м 220 га-2100 учаскеге құрылыс нысандарын салуға (қала құрылыс жобалары жасақталмай) бөлініп игерілуде. 

Соның себебінен бүгінгі таңда Шымкент қаласының бекітілген бас жоспарына сәйкес қалаға енген аумақтарда, қала құрылыс жобаларына қайшы, заңсыз құрылыстардың жаппай соғылуы, әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектеп, бала бақша ғимараттары, инженерлік коммуникацияларға жер телімдері қаралмай, аумақтардың инфрақұрылымы, керекті әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектеп, бала бақша ғимараттары, инженерлік коммуникациялары дамымай қалуда. 

2016 жылдың басынан Шымкент қаласында пайдалануға қабылданған 300-дей әлеуметтік және басқа да коммерциялық объектілердің және 2000-ден астам жеке тұрғын үйлердің басым бөлігінде заң талаптары сақталмаған (аталған объектілерде сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы берілмеген, жоба жасақталмаған, сараптама өткізілмеген, хабарлама берілмеген). Жасанды құжаттар түзіліп, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде есепке алынып, әділет басқармасында тіркелген.

Мысалы, Шымкент қаласындағы заң талабы бұзылып салынған құрылыс нысанын қалалық сәулет бөлімімен бірге анықтап, сотқа талап арыз енгізіп, сотпен қаралудағы Солтүстік батыс мөлтек ауданы (Арғынбеков көшесі бойында), №2426 учаскедегі, меншік иесі Айтпаева Назира Манатовнаның заңсыз салынған құрылыс нысанын (осы кезге әлі бітпеген) бөлімінің басшысы біле тұра, пайдалануға қабылдау актісін 2016 жылдың 05 мамыр айында бөлімнің дерек базасына тіркеуге алған. Ал, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №130 үй мекен-жайда орналасқан (меншік иесі Звада Лариса Михайловна), алаңы 0, 0965 га жер телімінде, заң талаптарын бұзып салынудағы (СЖТ берілмеген, жоба жасақталмаған, сараптама өткізілмеген, хабарлама берілмеген) 3-қабатты (аумағы (14, 0м x 60, 0м) медициналық орталықтың бітпеген құрылыс нысанын (үшінші қабаттың қабырғасы қаланып бітпеген, төбе жабындысы жабылмаған, терезе, есіктері қойылмаған) қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзып нысанның пайдалануға қабылдау актісін 2016 жылдың 16 шілдесінде бөлімде есепке алынған.

Басқарма тарапынан ағымдағы жылы заң талаптарын бұза отырып салынған 65 нысанның қабылдау актілеріне қол қойған 17 техникалық қадағалаушыларға шара көрілді. Аттестаттары 6 айға тоқтатылды. оның ішінде, 3 техникалық қадағалаушы маманның аттестаттары жойылды. 

Облыс аумағының басым бөлігі сейсмикалық қауіпті аумақта орналасқанын ескерсек, осы заң талаптары бұзылып салынған құрылыс нысандарының (пайдалануға қабылданған) көпшілік пайдаланатын орындар мен тұрғын үйлер болуы, заң талаптары сақталмай құрылысты жүргізу, пайдалануға қабылданған нысандардың орнында бар жоғы, құрылыстың толық аяқталғаны, сапасы және қауіпсіздігі күмән тудыратынын айта келе, алдағы уақытта аталған құрылыс нысандарын пайдалану адамның өміріне, қоршаған ортаға, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіру қауіптілігін ескеріп, аталған заң бұзушылықтардың орын алған жағдайларын жоюға және алдағы уақытта болдырмау үшін ҰСЫНЫС:

Қазақстан Республикасының Жер қодексінің 14-1 бабына сәйкес:

– қала, аудан әкімдері (жер қатынастар бөлімдері) сәулет, қалақұрылысы, құрылыс саласындағы нормалар мен талаптардың орындалуын қатаң сақтап, заңмен белгіленген құзырларын сәйке жұмыстарды өз деңгейінде атқару;
– елді мекендер мен оған іргелес аумақтардағы жер телімдерін түгендеу, мақсатына сәйкес игерілмей жатқан жерлерді заңмен белгіленген тәртіппен мемлекетке қайтару.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 25, 26, 73, 75 баптарына сәйкес:

– қала, аудан әкімдері (сәулет және қала құрылысы бөлімдері) құрылысқа берілген жер телімдерінің нысаналы мақсаттарын қала құрылыс жобаларына, қала құрылыс регламентерінің талаптарын (қызыл, сары, құрылыс сызықтары) сақтау, ҚНжЕ сәкестеу, объектілерді салу үшін жобалауға негіз болатын бастапқы рұқсат беретін құжаттарды (қала әкімдігінің шешімі, техникалық шарттар, сәулеттік жоспарлау тапсырмасы) рәсімдеу, пайдалануға қабылдау актілерін заңмен белгіленген тәртіппен тіркеуге алу;
– қала, аудандан орталықтарында және елді мекендерде тиісті құжаттарды белгілеген тәртіппен рәсімдемей заңсыз және заң талаптарын бұза отырып салынған күрделі құрылыс нысандар бойынша мәліметтері бекітілген іс-шараға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жолдау.

Құттыбек ЖАМАШЕВ,
ОҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
және лицензиялау басқармасының басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.