Жолаушыларды тегін тасымалдады Избранное

Среда, 21 Декабрь 2016 06:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3422 раз

16 желтоқсанда қала билігі тарапынан аталған көлік компаниясы №78 автобус бағытында қала тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдауға демеушілік акциясын өткізді.

avtoСонымен қатар, «Южавтотранс» қоғамдық көлік компаниясы қаладағы барлық зейнеткерлерге жеңілдік жасап, осы күні көлікте тегін қатынауына қолайлылы жағдай жасады. Бұл бастаманы аталған компания басшылығы зейнеткерлерге мерекелік тарту ретінде ұйымдастырған. 

Атап айтар болсақ, №78 автобус бағыты келесі қозғалыс сызбасымен жолаушылар тасымалдау қызметін атқарды: «Көркем гимнастика мектебі», «ӘІО», Астана даңғылы, С.Бәйтереков, Т.Назарбеков, Бәйдібек даңғылы, Т.Рысқұлов, Жібек жолы, Тәшенов көшелері, Тәуке хан, Республика даңғылы, Асқаров, Темірлан тас жолы көшелері арқылы «Бекжан базары» аялдамасына дейін және кері қарай қатынады. 

Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік жолаушы тасымалдаумен айналысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.