Балалар қауіпсіздігі – басты назарда Избранное

Понедельник, 04 Июнь 2018 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 56 раз

Қала сыртындағы жазғы лагерьлер балалар демалысына барынша ыңғайлы және қауіпсіз болуы керек.

Балалар қауіпсіздігі 3

Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев жауапты мамандарға осындай тапсырма берді. Қалалық әкімдікте өткен жиында сөз болған мәселенің бірі мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру болды.
– Жазғы лагерьде демалу ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс. Бұл үшін барлық демалыс орнының санитарлық жағдайын саралап, қажетті нақты шараларды қабылдауға тиіспіз, – деді қала әкімі.
Айта кетейік, биыл шымкенттік 7000-нан астам оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады. Осыған орай қалалық білім бөлімінің жетекшілері балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастырудың нақты жоспарын таныстырды. Айта кету керек, биыл шаһар бойынша 177 256 оқушы жазғы демалысқа шықты. Солардың 7241-і Ақсу, Арман, Үшбұлақ және Машат жазғы лагерьлерінде демалмақ. Бұдан бөлек, 30 мыңнан астам оқушы қаладағы мектептерде болады. Осы мақсатта 113 демалыс алаңшасы ұйымдастырылады, оның 61-де оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.