Шымкент – республикалық маңызы бар қала Избранное

Среда, 20 Июнь 2018 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 9546 раз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

210b5aa924cb358a879775b208ef4bbd

Президент Жарлыққа қол қою рәсімі кезінде Астана және Алматымен қатар Шымкенттің тұрғындар саны 1 миллион адамнан асатын қазақстандық қалалар қатарына кіргенін айтты.
– «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының тоғызыншы бабына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғалы отырмын. Бұдан былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Осы әкімшілік аумақтың құрылымына өзгеріс енгізу арқылы бұл өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат болып саналады, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.Осы орайда Елбасы Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік-логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ екенін, биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент шаһары Қазақстандағы ең ірі мегаполистің қатарына қосылғанын еске салып өтті. Атап айтқанда, Тәуелсіздік жылдарында Астанадан кейін Шымкент миллионнан аса халқы бар қала ретінде тіркелді.
– Республикалық маңызы бар мәртебе берілген соң Шымкент одан әрі өркендей түседі. Шымкент инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды біздің елге ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына тартатын жаңа орталық болады. Бұған қажет барлық шарттар мен әлеует бар, – деді
Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыған орай Мемлекет басшысы Президент әкімшілігіне, Үкіметке және облыс әкімдігіне Жарлықты сапалы әрі жедел іске асыру және жергілікті мемлекеттік органдармен ұйымдардың тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.