Ғабидолла Әбдірахымов – мегаполистің жаңа әкімі Избранное

Пятница, 22 Июнь 2018 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2963 раз

Елбасының Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Мегаполистің жаңа әкімін қала активіне ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков арнайы келіп, таныстырды.

DSC 1329

Таяуда ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы заңға қол қойған еді.
Елбасы биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент шаһары республикалық маңызға ие қалалардың қатарына қосылғанын атап өткен-ді. Елбасының Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Шымкент қаласының жаңа әкімі болып қайта тағайындалды. Ғабидолла Рахметоллаұлы бұған дейін 2015-2017 жылдар аралығында Шымкент қаласы әкімінің қызметін атқарған. 2017 жылы 31 қазанда «Нұр Отан» ХДП хатшысы болып қызметін ауыстырады.
– Елбасы Жарлығына сәйкес, Шымкент республикалық маңызы бар қалалардың қатарына жатқызылды. Шымкент – миллионнан астам тұрғыны бар қала. Біз қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, Елбасының ұсынысын оқып бердік. Мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Шымкент қаласының әкімі болып, Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Сіздердің қолдауларыңыз Елбасының шешімін қолдау деп білеміз.
Шымкенттің даму қарқыны өте жоғары. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалада көліктік-логистикалық, шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі, туризм, тағы да басқа көптеген жобаларды дамытуға мүмкіндік бар. Жаңа әкімдеріңіз осы жұмыстарға бар күштерін салады деп ойлаймыз, – деді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев. 
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Нұрлан Сауранбаевқа Шымкенттің әкімі қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі.
Ғабидолла Әбдірахымов Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауылында 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2005-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, 2008 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, 2008-2012 жылдары
Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің басшысы болған.
2012-2013 жылдарыҚазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы. 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет» орденімен марапатталған (2006), 3 медалі бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.