Шымқала кеші көңілді Избранное

Среда, 19 Сентябрь 2018 05:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3708 раз

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін шаһарда бірнше жобалар жүзеге асырылуда. Оның бірі студент жастардың сүйікті орнына айналып үлгерген орталықта өтеді. Қалада демалыс күндері бой жазып, көңіл сергітетін орталар қалыптастып жатқаны көңіл қуантады.

13

Жастардың бүгінгі таңдағы өміріне қатысты ең өзекті мәселе – бос уақытты дұрыс пайдалана білу. Бос уақытты тиімді өткізуде салауатты өмір салтын ұстану - тұлғаны қалыптастырудың басты қағидалық принциптерінің бірі. Жастардың қолы қалт еткенде уақыттарының қызықты өтуі - өнер үйренуге, шығармашылық мазмұндағы ізденіске, дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталады. Сонымен қатар, ол денені жетілдіруге ғана емес, рухани баюға да мұрындық болатыны әмбеге аян. Бұл орайда, Шымқалада орын тепкен жастар ресурстық орталығындағы оңды істерге тоқталғанды жөн санадық.
– Жазғы демалыс басталғаннан-ақ бізде ашық аспан астында бірнеше демалу шараларын қолға алдық. Апта соңы орталыққа атбасын бұратын жастар қатары арта түседі. Бұл күндері кинокөрсетілім, караоке-думан, үстел теннисінен ойындар өтеді,-дейді «Талантты жастар қолдау» бөлімінің маманы Қ.Боранбай.
Қажығали Жұмадиллаұлының айтуынша, орталықта дарынды жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған ресурсттар тегін ұйымдастырылады. Орталық қызметкерлері бұл жолы сенбілікте үстел теннисшілерінің арасында ашық турнирін өткізген.
– Жастарға үстел теннисінен ашық турнир болатыны әлеуметтік желілер арқылы хабарланып, 40-қа жуық жас қатысуға өтініш білдірді. Қуантарлығы – аталған турнир кәсіпкерлер тарапынан қолдау тауып, сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар үлестірілді. Ойын нәтижесі бойынша Әсет Қадырқұл топты жарса, Ролан Қибатов есімді жас екінші орыннан көрінді.
Нұрлан Досов үштікті қорытындылады. Бұл турнир ай сайын ұйымдастырылып тұрады,- дейді орталық қызметкері.
Ал мұнан бөлек, Шымкент жастарының ұйымдастыруымен өтіп жүрген шараның бірі әрі бірегейі «Домбыра кеші». Аталған басқосуда өнерлі жастар шаһар саябақтарына жиналып, ән шырқауды әдетке айналдырып келеді. Соңғы жиын «Нұрсәт» шағын ауданындағы әкімшілік іскерлік орталығының алаңында өтіп, патриоттық әндер кеші ретінде көптің жадында қалды.