Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Пятница, 23 Ноябрь 2018 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2821 раз

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2018 жылдың 26 қарашасында сағат 16:00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 10 мекенжайында өтетіні туралы хабардар етемін.

 

Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Қала әкімінің оған жүктеген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
2. «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/192-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылға 27 шілдедегі №35/280-6с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
4. Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасын бекіту туралы;
5. Жергілікті мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы;
6. №23 сайлау округінің депутаты Е.А.Дәрменовтың өтініші туралы;
7. Депутаттық өкілеттілік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасын сайлау туралы;
және тағы басқалар.

Ғ.Ташқараев
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Последнее изменение Суббота, 24 Ноябрь 2018 14:05
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.