Басты мақсат – кез келген құқықтық мәселе бойынша халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету.
Акцияға түрлі салалардағы 60-тан астам мамандар қатысады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, Ұлттық Бюро, прокуратура, әділет, мемлекеттік кірістер, сот органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері, кәсіби адвокаттар мен нотариустар.
Өтетін орны: «Көрме» орталығы, Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 12.