Ойын алаңшалары көбеюде Избранное

Пятница, 04 Январь 2019 06:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 165 раз

aula 3

Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулалары жаңа кейіпке еніп, күн сайын абаттандырылған аулалар мен балалар ойын алаңшаларының саны артып келеді.

Нақты айтқанда 2018 жылы қала бойынша көпқабатты 50 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы мен спорттық жаттықтыру құралдары орнатылды. Бұл жұмыстар Елбасының өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасының негізінде жүзеге асырылуда.
Жаңа жылдық мереке қарсаңында мегаполистегі Әл-Фараби ауданы, Қарасу шағынауданының №1, 3 және 56 көпқабатты үйлер тұрғындары мен балаларына Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаппай спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Аулалардың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ғабидолла
Әбдірахымов тұрғындарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аяз ата мен Қарша қыз және ертегі кейіпкерлері балғындардың көңілдерін көтерді.
Айта кетейік, бұл аулаларда түрлі жастағы балғындарға лайықты ойын элементтерімен қоса шағын футбол алаңшасы да ашылып отыр.
Жалпы 2018 жылы Әл-Фараби ауданында 22 аула абаттандырылды. Енді 2019 жылы 171 ауланы абаттандыру жоспарлануда. Тұрғындар Мемлекет басшысына және қала әкіміне жүргізілген жұмыстар үшін алғыс білдірді. Іс-шара барысында қала әкімі балаларға спорттық бұйымдар мен тәттілер сыйға тартты.


А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.