«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі ашылды Избранное

Пятница, 25 Январь 2019 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2626 раз

Шымкент университеттеріндегі жобалық кеңсесінің ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушев арнайы келді.

Саналы ұрпақ 1

ОҚМПУ ғимаратында ашылған «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің ашылу салтанатына, сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, университет ректоры О.Аяшев қатысты.
Бұл жоба Агенттік төрағасының бастамасымен жүзеге асырылып, республиканың барлық облыстарында осы тұрғыдағы фронт-офистер ашылуда.

– Біздің мақсатымыз – білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау үшін жағдай жасау және де білім беру мекемелерінде озық тәжірибені одан әрі пайдалану үшін пилоттық бағыттарды іске асыру, - деді Ә.Көмекбаев.

«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі қаладағы барлық ЖОО мен арнайы кәсіптік білім беру мекемелерінің өкілдерін қамтиды.
Университет ректоры О.Аяшев жобалық кеңсенің Университет қабырғасынан құрылуы ұжымға, студенттерге үлкен жауапкершілік екенін айтып, осы саладағы жұмысты департаментпен, білім басқармасы, басқа да ЖОО-мен бірлесе жоғары деңгейде жүзеге асыруға күш салатынын жеткізді.

Арман СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.