Базарларда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды Избранное

Среда, 30 Январь 2019 04:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3390 раз

Шымкенттегі «Қырғы» және «Айна» сауда базарларында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Мұндағы мақсат - мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарды электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға жұмылдыру.

Өзін өзі 1

Бұл жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының белсенді қатысуымен іске қосылды. Айта кетейік, мұндай бұрыштар қаладағы барлық мемлекеттік органдар, университеттер және колледждер, мектептерде жұмыс істеуде.

– Бұл қызмет көрсету бұрыштарында ХҚКО арнайы мамандар бекітіліп, азаматтарға «Электронды үкімет» порталы және Телеграм мобильдік қосымшасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі туралы насихаттық жұмыстар жүргізіледі, - деді Департамент басшысы Әли Көмекбаев.

Бүгінде электронды үкімет порталы арқылы 500-ден астам электрондық қызметті алуға болады. Алдағы уақытта осындай өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын қаладағы «Самал», «Бекжан», «Авто-Нұр» және «Тұлпар» автобөлшек базарларында ашу жоспарлануда.

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.