Автокөлік жүргізушілеріне арналған жаңа орталық Избранное

Пятница, 29 Март 2019 04:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2512 раз

...Жыл басынан бері қаладағы алғашқы мамандандырылған ХҚО арқылы азаматтарға 45 мың жүргізуші куәлігі берілсе, автокөлікті қайта тіркеу бойынша 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді...

111

Үшінші мегаполис тұрғындарына автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин, «Азаматтарға арналған үкімет» ҮЕАҚ басшылығы және қалалық полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен қаладағы екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы салтанатты түрде ашылды.

– Жыл басынан бері қаладағы алғашқы мамандандырылған ХҚО арқылы азаматтарға 45 мың жүргізуші куәлігі берілсе, автокөлікті қайта тіркеу бойынша 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Бұл ретте біз тұрғындардың өтініштерін ескеріп, жаңа мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды ұйғардық,–дейді филиал директоры Бақыт Басымбек.

Ал орталық бөлімінің басшысы Дәулет Дүйсенбековтің айтуынша, мұндағы мамандар бір тәулікте 400 адамның құжатын рәсімдей алады. Көлік жүргізушілеріне автокөліктерді тіркеу және есептен шығару секілді мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

DSC 4539

Сондай-ақ, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін ауыстыра алады.

– Әзірге A, A1, B, B1, C, C1, D, D1 жүргізуші санаттары бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Достық шағынаудандағы мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады, – дейді бөлім басшысы.

Жаңа орталықта 52 қызметкер жұмыс істейді. Ал дайын құжаттарды қабылдау және беру қызметінде 20 маман бар. Ғимарат алдында 150 автокөлікке тұрақ қарастырылса, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар мен шақырту түймелері орналасқан.

Электронды бақылау жүйесі қосылған ғимарат толық автоматтандырылған.

Аталған ХҚКО аптаның алты күнінде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Ол мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін он бірінші фронт-офисі болып отыр.