35 кәсіпорынның өнімдері – экспортқа Избранное

Пятница, 05 Апрель 2019 05:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2467 раз

5ca48ac8c32df

Шымкенттегі 35 кәсіпорынның өнімдері экспортқа шығарылады. Бұл туралы мегаполистің әкімі Ғ.Әбдірахымов қала әкімдігінің жанынан құрылған Экспорт жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтты.

– Бүгінгі таңда қалада тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру салаларындағы 35 кәсіпорын экспортқа өнім шығарады. Үшінші мегаполистің негізгі сауда серіктестері – Нидерланды, Ресей Федерациясы, Қытай және Өзбекстан мемлекеттері, - деді қала әкімі.

Кеңес отырысында экспортты қолдау құралдары, экспорттаушыларды қолдау бағдарламасы, сонымен қатар, қала аумағында орналасқан экспорттаушылардың проблемалық мәселелері талқыланды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың сыртқы сауда айналым көлемі 903,1 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде импорт – 568,5 млн АҚШ доллар, экспорт көлемі 334,6 млн АҚШ доллары болып отыр.
Айта кетейік, бұл кеңестің негізгі мақсаты – Шымкент қаласының экспортын дамыту және ілгерілету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Кеңесте, сонымен қатар, Елбасының «Шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру бойынша» тапсырмасына ерекше көңіл бөлінеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.