«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасына Нұрлан Қабыштаев басшы болып тағайындалды. Нұрлан Қабыштаев бұған дейін Алматы қаласы ӨКП Аппаратының жетекшісі қызметін атқарған.
Нұрлан Қабыштаев 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. С.Демирел атындағы университетті (экономика бакалавры), Женеваның МВА бизнес-мектебін бітірген.
Еңбек жолын 2009 «Еуразиялық банкі» АҚ несие бөлімінде, 2010 жылы Түркияның «Сыртқы сауданы басқару» Экономика министрлігінің экспорт/импорт бөлімінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастаған.
2011-2018 жылдар аралығында, «КПМГаудит» ЖШС, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, ОҚО ӨКП, «Қазына жер LTD» ЖШС, «Synergy Agro Trade» ӘКК еңбек етті. 2019 жылдың наурызына дейін Алматы қаласы ӨКП аппарат жетекшісі болған.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
А.СӘДУӘЛІ