Төл мерекеде – қоныс тойы Избранное

Среда, 08 Май 2019 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 434 раз

Шымкентте Отан қорғаушылар күні қарсаңында бір топ әскери қызметкер баспаналы болды.

1

Тұран шағынауданында орналасқан үйдің пәтерлері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында беріліп отыр.

Салтанатты жиында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің командирі, полковник Қайрат Үмбетов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шымкент қалалық филилалының директоры Құдайберген Сейітмағамбетов, «Бәйтерек девелопмент» АҚ Шымкент қаласындағы өкілі Дәуітхан Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, пәтер кілттерін табыс етті.

– Көптен күткен қуаныштарыңыз қасиетті Рамазан айының басталуымен тұспа-тұс келіп отыр екен. Жалпы қалада 7 500-дей әскери қызметкер бар. «Бәйтерек девелопмент» АҚ Тұран шағынауданынан 501 пәтерді бөлді.

Соның көп бөлігі әскери қызметкерлерге беріледі. Біздің қызметкерлер барлық әскери бөлімдерде 3-4 ай бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, қуаныштарыңыз баянды болсын, - деді Қ.Сейітмағамбетов.

Бұл күні Шымкент қаласында орналасқан әскери құрылымдарда қызмет ететін 19 офицерге пәтер кілті тапсырылды.

Алдағы уақытта да Қаратау ауданы, 192-орамда орналасқан тұрғын үй кешендерінің пәтерлері кезең-кезеңімен әскерилерге табыс етіледі.

Жиында көршілер мен тұрғындар банк атынан «Жасыл мекен» акциясы аясында сыйға тартылған 60 түп ағаш көшетін аула ішіне егуге атсалысты.

Другие материалы в этой категории: « Шағынауданда – жаңа үй Елдестірмек – елшіден »