Шымкент әлемдік «Жасыл қалалар» жобасына енді Избранное

Среда, 24 Июль 2019 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2264 раз

Үшінші мегаполистің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Лондон қаласына іс-сапармен барып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің штаб-пәтерінде болды. Осылайша Шымкент жетекші «Жасыл» бағдарлама жүзеге асырылатын Қазақстандағы алғашқы және әлемдегі 31-қала атанып отыр.

Шымкент-Лондон 2

– Қол қойылған меморандум қаланы жарықтандыру және жаңа кәріз тазарту жүйелерін іске қосып, қаржыландыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті қала әкімі. – Шымкентте энергетика және коммуналды шаруашылық саласында заманауи экологиялық жобаларды енгізу белсенді жүзеге асырылады.

Айта кетейік, болашақ жобалардың құны 100 млн АҚШ долларын құрайды. Әлемдік «Жасыл қалалар» жобасы – ЕҚҚДБ бағдарламаларының негізгі құралы. Жоба қалалардың тұрақты дамуындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.

Бұған қоса жоба аясында экологиялық проблемаларды – ауаның ластануы, жерді пайдалану, орталық жылу жүйесі, көлік кептелістері, қалдықтарды залалсыздандыру, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, су ресурстарын пайдалану мәселелерін шешудің инвестициялық жобалары мен іс-шаралары қарастырылған.

Әлемдік тәжірибеде «Жасыл қала» мәртебесі халықаралық қаржы ұйымдарының назарын аударып, жобаларды жүзеге асыруға инвестициялық мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Жасыл қала» бағдарламасы Киев, Львов, Минск, Белград, Бішкек, Мариупол, Сараево, Ереван, Тбилиси және тағы да басқа қалаларда жүзеге асырылуда.

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.