Шымкенттіктер мамандандырылған ХҚО-да алдын ала тестілеуден өте алады

Понедельник, 21 Октябрь 2019 04:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 344 раз

Автоәуесқойлар жол қозғалысының теориясы бойынша алдын ала тестілеу емтиханын мамандандырылған ХҚО-да тапсыра алады. Жыл басынан бері үш мыңға жуық шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.

511

 

 

Енді әрбір үміткер емтихан тапсырар алдында өз білімін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ақылы түрде тексере алады. АвтоХҚО-ның практикалық автодромы аптаның алты күнінде де жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтің айтуынша, үміткер бірінші рет жүргізуші күәлігін алу үшін екі емтихан тапсыру қажет. Біріншісі – теориялық емтихан, ол 40 сұрақтан тұрады, ал практикалық емтиханды автодромда тапсырады. Жүргізуші куәлігін алуды қалайтындар үшін 3 ретке дейін емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. Егер үшеуінен де сәтсіз өтсе, келесі емтиханды тек алты айдан кейін тапсыруға болады.

Естеріңізге салайық, бүгінде жүргізуші куәлігін алғаш алатындардан автомектепте оқығаны туралы куәлік талап етілмейді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Ақылы негізде көрсетілетін қызметті Достық шағынауданында орналасқан мамандандырылған ХҚО-да тапсыруға болады.

Жылдың басынан бері 3 мыңға жуық шымкенттік автоматтандырылған автодромда автокөлік жүргізу қызметтерін пайдаланған. Сонымен қатар жыл басынан бері 31 мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 218 мыңға жуық автокөлік тіркелді.

Алтынай ТАТАЕВА,

«Азаматтарға арналған үкімет»

МК КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.