Үнемділік – ырыс Избранное

Среда, 30 Октябрь 2019 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3193 раз

Мемлекеттік сатып алулар бойынша миллионды қалада 677 млн теңге үнемделген. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Балмейір Сансызбайұлы мәлімдеді.

206

 

Биыл құрылған басқарма мамыр айынан бастап заңдағы өзгерістерді басшылыққа ала отырып, жалпы құны 20 млрд 341 млн теңгеге (ҚҚС-сыз) 57 электронды мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялаған.
Процедуралары аяқталып, жеңімпаздар анықталған конкурстардың саны - 50. Оның ішінде бір мемлекеттік сатып алу қайта жарияланса, тағы біреуі бойынша өтінімдер қабылдану сатысында. Жалпы сомасы 15 млрд 57 млн теңге жүзеге асырылған. Үнемделген соманың үлес салмағы 4,5 пайызды құрап отыр.
Ал Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Мұратовтың айтуына қарағанда, заңсыз құжатпен мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу фактілері де тіркелген. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша заңға енген өзгерістерді ескеріп, бүгінде аталған басқарма мамандары екі кезеңге бөліп өткізуге көшкен. Сонымен қатар, бір көзден сатып алу деректері азайған.