ШЫМКЕНТТЕГІ ӘУЕЖАЙ АУМАҒЫНДА 485 КӨЛІККЕ АРНАЛҒАН АВТОТҰРАҚ САЛЫНУДА Избранное

Пятница, 22 Май 2020 03:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 216 раз

q1

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Жоба бойынша жалпы 5 гектар аумақты абаттандыру қарастырылған. Онда жер қазу, абаттандыру, асфальт төсеу, жарықтандыру, автотұрақ салу, аялдамалар салу жұмыстары жүргізіледі.

Жоба бойынша атқарылатын әр жұмысты мұқият тыңдаған қала басшысы өзінің ұсыныстарын енгізіп, мекеме басшылығына бірқатар міндет жүктеді.
Халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының аумағын абаттандыру жобасы бойынша жаңа терминал маңында 485 көлікке арналған автотұрақ салу басталды. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны іске асыру барысында 485 көлікке арналған автотұрақ, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орын, автобустарға бөлінген жол, 9 қызметтік автотұрақ, автобустарға тұрақ салынады. Сонымен қатар, екі ақылды аялдама, ұзақ уақыт тұрақтарға арналған 4 дана қалқа, сегіз қоқыс жәшігі мен сегіз орындық орнатылып, асфальтобетонды жолдың жүру бөлігін төсеу, жаяу жүргіншілер жолдарын гранит плиткаларымен қаптау, 14277 шаршы метр жерге газон төсеу жүзеге асырылатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.