Арнай 6 дүңгіршек

Пятница, 05 Июнь 2020 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 174 раз

Шымкент қаласында отандық және шетелдік туристерге үш тілде қызмет көрсететін 6 ақпараттық дүңгіршек ашылды. Кеңес беру орындары Арбат жаяу жүргіншілер аймағы, Тәуелсіздік және Абай саябақтарында, Наурыз алаңы, әуежай мен теміржол вокзалында орналасқан.

75

 

Туристік дүңгіршек қызметкерлері келушілерге мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес бере отырып, қаламыздың көрікті жерлері мен мәдени оқиғалары, туристік бағыттары және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың құлақтандыруы туралы толық ақпаратты бір терезе принципі бойынша ұсынады. Айта кететін жайт, орталықтағы барлық ақпараттық қызмет тегін көрсетіледі.
Бұдан бөлек, дүңгіршек тарапынан тұрғындар мен қонақтарға алдын ала жазылу бойынша (10 адамнан аспайтын) тегін экскурсиялық қызмет (18:00 мен 20:00 аралығында) көрсетіледі.
Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бүгінгі таңда қалада туристік бағыттар толығымен дайындалған. Болашақта қосымша әр түрлі туристік бағыттар әзірленіп, жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек.
Алдағы уақытта бұл дүңгіршектерден кез келген адам қала аумағындағы барлық қонақ үйлер, мейрамханалар, қолжетімді емдеу орталықтары, ондағы бағалар мен қызмет түрлерімен қоса басқа да ақпараттар жайлы толық мәлімет ала алады.
Туристік дүңгіршек келушілерге дүйсенбі-жұма күндері, сағат 09:00 ден 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.