Шектеу шаралары күшейтіледі Избранное

Среда, 24 Июнь 2020 05:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 273 раз

403b1de-00

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын ушығып келеді. Коронавирус жұқтырғандардың санымен қатар, қалада пневмониядан қайтыс болғандардың көрсеткіші өскен. Соңғы тәулікте ауыр дерттен 8 адам қайтыс болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Оның айтуынша, мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2300-ден аса дерегі тіркелген. Ал пневмониямен ауырған науқастар – 2700. Бір күнде орташа есеппен 100 науқас өкпесі қабынып ауруханаға түсіп жатыр.
– Қалада бүгінгі таңда 100 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп тұр. 1 маусымға 1091 шақырту қоңырауы түскен. Он күнде жедел жәрдем шақыру 20 пайызға өссе, өткен тәулікте 1850-ге жеткен. Олардың дені жұқпалы ауруларға шалдыққан, - деді Е. Әбілхайырұлы.
Қала әкімінің бірінші орынбасары Е. Садыр шаһарда провизорлық станционарлар күшейтілгенін де айтты. Оның хабарлауынша, бес күн бұрын қосылған 650 төсек-орын науқастармен толған. Бұдан бөлек, реабилитациялық 100 орын ұйымдастырылса, жатақханалардан 380 орынға провизорлық стационар әзірленген. Алдағы уақытта да ғимараттар мен емдеу мекемелерінен бос орындар ашылмақ. Ал пневмониямен ауырған науқастар арнайы алгоритм бойынша емделеді.

– Аталған провизорлық стационарларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Барлық дәрілер артығымен бар. Жергілікті бюджет есебінен 25 ИВЛ аппараты сатып алынды. Қалада жалпы 301 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Қосымша демеушілер қаржысына 100 аппаратқа тапсырыс берілген. Жұқпалы аурулар ауруханасына бүгін 100 мың маска әкелінді, - деді Е.Садыр.
Қала әкімінің бірінші орынбасары шаһардағы эпидемиологиялық ахуалдың өршуін тұрғындардың немқұрайлығымен байланыстырады. Инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында 24-маусымнан бастап қалада шектеу шаралары қайта күшейтіледі. Демалыс күндерін қоспағанда барлық базарлардың жұмыс кестесі таңғы 06:00-ден 16:00-ге дейін қысқартылады. Ал көтерме сауда орындары таңғы 05:00-ден 13:00-ге дейін қызмет етеді. Қоғамдық тамақтану орындары 09:00-21:00-ге дейін қысқартылса, спорт нысандарының (фитнес орталықтар, спорт кешендері, бассейндер) жұмысы тоқтатылады.

А.ЖӘДІГЕРҰЛЫ

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.