Күн энергиясы станциясы салынуда Избранное

Среда, 16 Сентябрь 2020 06:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 259 раз

47f071f5-12df-4c1a-84b5-19c67c135b7f

Шымкентте күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысын әкімдік пен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның қолдауымен ресейлік инвестор «Хевел» компаниясы жүзеге асырып жатыр.

Апта басында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты.
50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны 6,2 млрд теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдерінен тұрады екен. Жылына 38 кВт сағат энергия өндіріледі деп күтілуде. Яғни, станция өндірген электр энергиясын 10 мың үй тұтына алады.
Жобада тиімділігі жоғары гетероқұрылымды екі жақты күн модульдері қолданылып жатыр. Өз кезегінде бұл электр энергиясын өндіруді 20 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
Жоспар бойынша станцияның құрылысы биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан Мұрат
Әйтенов станция жұмысына жергілікті мамандарды тартып, отандық өнімдерді пайдалану қажеттігін айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.