ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫ САЛЫНУДА Избранное

Пятница, 09 Октябрь 2020 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1427 раз

Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге жаңа жолаушылар терминалының құрылысымен танысты.

311

 

Құрылыс жобасы инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестордың («SКАТ» авиакомпаниясы) өз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.
«SКАТ» авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов жаңа терминалдың өндірістік қуаты, транзиттік жолаушыларды тарту жоспарлары туралы, сондай-ақ құрылыс кезінде пайдаланылатын заманауи материалдар, оның ішінде отандық өндірістің үлесі туралы баяндады.
Жаңа терминал халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Бұл мегаполис тұрғындары мен қонақтарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, жолаушыларға арналған жаңа терминалдың жалпы аумағы 35 000 шаршы метр. Төрт қабатты ғимарат сағатына 2000 жолаушының өтіп тұруына қолайлы болмақ. Жолаушылардың багажын тіркеу мен өңдеу жұмыстары толық автоматтандырылған. Ғимаратта 9 лифт, 13 эскалатор жұмыс істейтін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.