БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ӨКПЕНІ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ӘКЕЛІНДІ Избранное

Пятница, 09 Октябрь 2020 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1491 раз

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен өкпе желдету аппараты орнатылды.

313

 

Жаңа қондырғыны Дүниежүзілік Банк өз есебінен гуманитарлы көмек ретінде жеткізіп берген. «HAMILTON -G5» жасанды өкпені желдету аппаратын дәрігерлер жансақтау бөліміндегі науқастарды емдеу үшін қолданбақ.
Қазіргі талаптарға сай заманауи аппарат ауыр респираторлық ауытқуы бар науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал-жабдық болып есептеледі дейді мамандар.
Жалпы, қаладағы медициналық ұйымдарда материалдық-техникалық базаны толық қамтамасыз ету үшін 88 ИВЛ аппараты сатып алынады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 156 ИВЛ аппараты жеткізілді, қазіргі уақытта инсталляция жасалып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.