60 мың тоннаға жуық астық жиналды Избранное

Среда, 14 Октябрь 2020 04:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1469 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыс атқарылуда.

512

 

Биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егін егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық орындалды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 1300 гектарға артып отыр.
Оның ішінде дәнді дақылдардың егіс көлемі – 12 489,1 мың га, майлы дақылдар – 3 568,3 га, көкөніс пен бақша – 2566,3 га, картоп –349,9 га, малға азық болар дақылдар – 6 679,5 га. Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметі осындай.
Сонымен қатар, агро саланы дамыту бағытында қолға алынған бағдарламалар да өз нәтижесін беріп келеді. Шаруаларды жанар-жағармаймен, субсидиямен қамту ісінде де ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кедергісіз өнім жинау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мың тонна жанар-жағармай бөлінген (1 литр бағасы – 161 теңге). Ал шаруаларға 89,7 млн теңгеге 1 210 тонна тыңайтқыш субсидияланды.
Нәтижесінде ағымдағы жоспарланған 72 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының 59,3 мың тоннасы бүгінгі таңда жиналды. Оның ішінде 14 мың тонна дәнді дақыл, 2,4 мың тонна майлы дақыл, 2,4 мың тонна картоп, 10,8 мың тонна мал азығы және 29,7 мың тонна ашық топырақтағы және жабық топырақтағы көкөніс пен бақша өнімдері бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.