ТАЛАПТЫ САҚТАМАСА... Избранное

Среда, 04 Ноябрь 2020 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1524 раз

Шымкенттегі аудан аумақтарында карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жалғасуда. Қоғамдық тамақтандыру, сауда және адам көп жиналатын орындардағы карантин талаптары ұдайы назарда.

815

 

Еңбекші ауданы бойынша кезекті рейд барысында мобильді топ түскі уақытта «Алтын Мерос» мейрамханасында отбасылық іс-шара өтіп жатқанын анықтады. Мейрамханада 200-ге жуық келуші болған.
Сонымен қатар, К.Цеткин көшесіндегі №49 үйде тағы бір заң бұзушылық тіркелді. Бұл жеке үйде 60-70 адам келген бар үлкен жиын ұйымдастырылған.
Жалпы, мобильді топ бір тәулікте 72 кәсіпкерлік нысанын тексерді. Нәтижесінде карантин режимін бұзған 2 заң бұзушылық анықталды. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Мобильді топ азаматтар мен мекеме иелеріне қаламызда карантин режимі жалғасатынын және бас санитариялық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау керегін ескертеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.