«ҚАСІРЕТ» ШАТҚАЛЫ КӨГАЛДАНДЫРЫЛУДА Избранное

Среда, 04 Ноябрь 2020 04:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1971 раз

Қайтпас-1 шағынауданында орналасқан «Қасірет» мемориалды шатқалын абаттандыру жұмысы қолға алынды. 13,6 гектар аумақты кезең-кезеңмен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

821

 

Бұған қоса, қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы мамандарының мәліметінше, қаладағы 8 саябақ пен 38 гүлзарды күтіп-ұстау жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкент жасыл қала» ЖШС жүргізген.
Биыл Қонаев даңғылы мен Ғ.Іляеев көшесінің, Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысындағы, Байтұрсынов көшесіндегі гүлзарлар, 8 шағынаудандағы аллея, ипподром аумағы көгалдандырылған. Ал 4 гүлзарда (Чернобыль, «Шәмші әлемі», Әл-Фараби алаңы және балалар теміржолы станциясы) қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, қаладағы 22 субұрқақ пен 33 скважинаны күтіп-ұстауға тиісті қаржы қаралып, жұмыстар кестеге сай
атқарылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.