ӘУЕЖАЙДЫҢ бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды Избранное

Среда, 09 Декабрь 2020 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1269 раз

Без имени-1

Шымкент қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Мердігер мекеме – «ПМК-7К» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 874,5 млн. теңге. Абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін бітеді.

Бүгінгі таңда бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, топырақты қабаттарға қайта толтыру (32891 м3), қиыршықтас-құм қоспасынан жасалған негіздер мен жабындар (31 580 м2), борттық бетон тастарын орнату (54 780 м3) жұмыстары аяқталып отыр.
Сондай-ақ, ірі түйірлі асфальт жол төсемесінің (31 580 м2) 90 пайызы, ұсақ түйірлі асфальт жол төсемесінің (31 580 м2) 49
пайызы, бейнебақылау үшін траншеяға кабель төсеу – 95 %, автокөліктерге арналған тұраққа шатыр жабындысын қою жұмыстары 25 %-ы орындалды. Құрылысқа жалпы 50 адам тартылған.
Қала әкімі Мұрат
Әйтенов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысты. Туризмнің бастауы аэропорттан басталатынын атап айтқан әкім жауапты басшыларға құрылыс жұмыстарын мерзіміне сәйкес аяқтауды жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.