Мереке қарсаңындағы мерейлі іс Избранное

Пятница, 11 Декабрь 2020 04:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1633 раз

Тәуелсіздік тұрғын алабы

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қаладағы «Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабы тұрғындары жағымды жаңалыққа қанығып отыр. Шаһардың Абай ауданы аумағындағы тұрғын алаптарда ауыз су жүйелерінің құрылысы, шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды.

«Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында ауыз су жүйесінің құрылысына бюджет есебінен 206,0 млн теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіліп, қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Атап айтқанда, «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына қарасты Жайық, Мұзарт, Құрақты, Нарқазан, Алқамерген, Келіншектау,
С.Мәуленов, Л.Хамиди, Ж.Сайын және М.Жұмабаев көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары толығымен орындалды.
Бұдан бөлек, «Көкбұлақ» тұрғын алабының ауыз су жүйесін жүргізу барысында қазылған көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары да толығымен жүргізілді.
Ал Игілік және Қызылжар тұрғын алаптарында шағал тас төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылатын болады.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.