ДЕПУТАТ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ Избранное

Среда, 03 Февраль 2021 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3368 раз

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалында жаңа сайланған Шымкент қалалық маслихатының депутаты Талғат Балтабаев алғашқы қоғамдық қабылдауын өткізді.

601

 

Жаңадан сайланған жас депутатқа жеке мәселелері мен қала шаруашылығына қатысты мәселелерін айтып келген азаматтар көп болды.
Қабылдауға келген тұрғындардың бірі қала аумағына қосылған шалғайдағы шағынауданның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтса, бірі баспана мәселесін қозғап жатты.
Солардың бірі – Қайнарбұлақ тұрғын алабының тұрғыны Серік Каленов қайнарбұлақтықтарды толғандырып жүрген жарық, газ, су, жол және қоғамдық көлік мәселелерін көтерді.
Нұртас шағынауданының тұрғыны, жалғыз басты ана Санакулова Зульфияның мәселесі бойынша Талғат Дүйсебайұлы тікелей эфирде онлайн арқылы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловқа байланысқа шығып, мәселенің оңды шешілуіне ықпал жасады.
Қоғамдық қабылдауға келген белгілі журналист, «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаев: «Интеллектуалды ұлт» идеясын Шымкент қаласында жүйелі жүзеге асырудың негізгі бағыттары жайында әңгіме қозғады. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасының бүгінгі таңда атқарар рөлі өлшеусіз. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу. Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына, яғни бай елге айналдыру» деді.
Қоғамдық қабылдауға Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева да қатысты. Ол білім саласында зияткерлік ойынды дамытудың жаңалықтары мен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайлы кеңінен айтып өтті.
Депутат Талғат Балтабаев қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, қолдан келген көмегін аямайтынын жеткізді.
Қоғамдық қабылдауға қарапайым тұрғындар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері және блогерлер қатысты. Қала тұрғындарының көтерген сұрақтары мен ұсыныстарының бірқатары оң шешімін тапты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.