ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Пятница, 19 Февраль 2021 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 916 раз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Іссапар аясында үшінші мегаполистің көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысымен, өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуымен танысты.

119

 

Шымкентте Үкімет басшысына өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы баяндалды. Оны биыл қазан айында іске қосу көзделген. Бұдан кейін А.Мамин биыл пайдалануға беру жоспарланған Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылысы барысын көрді. Үкімет басшысы, сонымен қатар, сорғы қондырғыларын, құбыр арматурасын және электр жабдығын шығаратын «Karlskrona LC AB» ЖШС-не барды. Кәсіпорынның қуаттылығы 2,5 мыңнан 10 мыңға дейін су сорғысын, сондай-ақ 7 мың тонна құйма мен стандартты емес жабдықтарды құрайды.
Премьер-Министр «Шымкент Сити» шағынауданында да болды. Онда инвесторлар «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірге тұрғын үй (532 мың шаршы метр) және білім беру (3800 орынды 2 мектеп) салаларындағы 9 жобаны іске асыруға 199 млрд теңге бағыттайды.
Асқар Ұзақбайұлына, бұдан бөлек, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысы баяндалды.
Биылғы қаңтар айында Шымкент қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 9,6%-ға ұлғайып, 54,4 млрд теңгеге жетті.
Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты динамика байқалып отыр. Ол жыл басынан бері 10,6%-ға өсті. Фармацевтика (+54,6%), кокс және мұнай өнімдерін өндіру (+12,6%), өзге де металл емес өнімдер (+12,2%), азық-түлік өнімдерін шығару (+7,2%) өсімнің негізгі қозғалтқыштарына айналды. Құрылыс көлемі 27,5%-ға – 1,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды, 32,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2020 жылғы сәйкес көрсеткіштен 2,8 есе артық. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі 2,1 млрд теңгеге жетіп, 8,8%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,8 млрд теңгеге дейін өсті, бұл 2020 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 2,7 есе көп. 2021-2025 жылдары Шымкент қаласында 11 500 жаңа жұмыс орны ашылып, 1,36 трлн теңге сомасына 123 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды. Биыл 2300 жұмыс орнын ашумен қатар 129,2 млрд теңгеге 61 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Айта кетейік, апта басында өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер- Министрі Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары өңірлерді атаған болатын. Олардың қатарында Шымкент қаласы да бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.