Саябақтарда – тегін Wi-Fi Избранное

Пятница, 25 Июнь 2021 08:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1626 раз

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қоғамдық орындарға тегін Wi-Fi нүктелерін орнату жоспарланған. Осыған орай 10 қоғамдық орынға 30 тегін Wi-Fi нүктесі орнатылды. Қазір қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

326

 

Бәйдібек би ескерткішінің алаңына – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңына – 4, Назарбеков-Бәйдібек би көшелерінің қиылысындағы Нұрсәт аллеясына – 2, «Қызғалтақ» субұрқағы – 2, Арбат – 4, №130 мектеп маңындағы аллеяға – 2, Наурыз алаңына – 4, Жерұйық саябағына – 4, Шәмші аллеясына – 2, Дендросаябаққа 4 нүкте қойылды. Wi-Fi-ға қосылу үшін «Aimaq Wi-Fi»-ды таңдаймыз, әрі қарай «Aimaq Wi-Fi» веб-парақшасына өтеміз. Веб-парақшада өз нөміріңізді тіркеп, нөміріңізге түскен смс-кодты енгізесіз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.