Мұғалімдер біліктілігін арттырды Избранное

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 188 раз

Өткен жұмада Шымкент қалалық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлылық таным және кереғар діни ағымдар» тақырыбында семинар өтті. Жиынды Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұяқбаев жүргізіп отырды.

729

 

Семинарға қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің «Дінтану және зайырлылық негіздері» пәнінің мұғалімдері мен мегаполис аумағындағы мешіт имамдары қатысты. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы зайырлы мемлекет ұғымына тоқталып, әрбір азамат кереғар ағымнан сақтану үшін діни сауатты, танымы мол болуы тиіс екенін алға тартты. Сонымен қатар, теолог, PhD доктор Е.Бекбосынов пен ҚМДБ республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Н.Мамедалиев баяндама жасап, тақырып бойынша қатысушылармен пікір алмасты.
Бірнеше жылдан бері оқу бағдарламасына енген бұл пән 9-сынып оқушыларына аптасына 1 рет жиілікпен өткізіледі.
– Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан еліміздегі көптеген этностар мен мәдениеттер арасындағы этносаралық, конфессияаралық құрмет пен төзімділікті сақтап, өзара татулықты орнату, рухани-адамгершілік құндылықтардың ортақ жүйесін құру – әрбіріміздің парызымыз. Ол үшін біз кереғар ағымдар туралы түсінігімізді жетілдіріп отыруымыз қажет, - дей келе, теолог Е.Бекбосынов мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған тың мәліметтермен бөлісті.
Пікір алмасу барысында ұстаздар қауымы пәнге қатысты сауалдарына жауап алып, дәріс барысында кездесетін пікір қайшылықтары туралы теологтардан кеңес алды. Сондай-ақ, бұл пәнді келешекте тарих, география пәнінің мұғалімдері емес, теологтардың оқытуы тиіс екені айтылды.
Жиын соңында пән мұғалімдеріне арнайы дәрістен өткені жөнінде сертификат табысталды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.