Даулы мәселенің нүктесін қойды Избранное

Среда, 15 Сентябрь 2021 04:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 297 раз

Шатырынан өткен су жертөлеге бір-ақ жеткен Шымкенттегі Нұрсәт шағынауданындағы №130 көпқабатты үйдің тұрғындарының мәселесімен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов арнайы тыңдап қайтты. Халық қалаулысына базынасын айтқан тұрғындар көпқабатты үй апатты жағдайда екенін жеткізді.

734

 

№130 үйдің тұрғыны Халида Тасболатқызының айтуынша, аталған 9 қабатты үйге әлеуметтік осал топтағы жандар 2014 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында қоныстанған. Көпбалалы аналар мен тұл жетімдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілген 63 пәтердің жағдайы көңіл көншітпей тұр.
– Соңғы екі жылдан бері шатырымыздан су ағып, соның салдарынан тұрғындар жапа шегуде. Өзіміз ақша жинап жөндеуге тырыстық. Бірақ бәрібір жауын-шашыннан аққан су пәтерлерді алып жатыр. Қабырғалары жарылып, апатты жағдайдың алдында тұр, - дейді көпбалалы ана.
Ал тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжановтың айтуынша, аталған көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, тұрғын үйдің құрылысына қажетті шығындар да есептелген. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына тұрғын үйдің шатыры мен подъезі, жертөлесі және қасбеті кіреді екен. Мәселе ақшаға келіп тірелген. Басқарма басшысы шаһарда арендалық 122 көпқабатты үйде 6000-нан астам абонемент бар екенін жеткізді. Оның ішінде жөндеуді қажет ететін 2-3 үй кезек күтіп тұр.
Тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін мұқият тыңдаған Бахадыр Нарымбетов аталған мәселені шешуге ықпал ететін жеткізді. Ол мәслихат сессиясында депутаттық сауал арқылы жөндеу жұмыстарына қажетті қаражаттың бөлінуін сұрайтынын айтты. Егер қаржы қаралса, мәселе қараша айында шешілмек.
– 9 қабатты үйдің жағдайын көзбен көріп әттеген-ай деп тұрмын. Алдағы өтетін мәслихат сессиясында осы мәселені көтеретін боламын. Қаражат қаралса, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп мердігер анықталады. Күзден қалдырмай құрылыс жұмыстары жүргізілуін қадағалаймыз. Қоғамдық топ та құрылады, - деді Бахадыр Мәдәліұлы.