– Дін өкілдерінің арасындағы спорт сайыстары жылда ұйымдастырылып тұрады. Биылғы ерекшелік – жарыстар бір күнде емес, бір ай бойғы спартиакиада түрінде өтуде. Бұл жолы үстел теннисінен жарыс өткізіліп, өзара мықтылар анықталады. Ал жеңімпаздар спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімінде марапатталады, – деді Шымкент қаласының дін істері басқармасының қызметкері Ғалымжан Сарманов.
Айта кетейік, дін өкілдері арасындағы спартакиада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 18 қазан – Рухани келісім күніне орайластырып өткізілуде. Мұндағы мақсат – тұрғындар арасындағы татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын рәсімдеу. Бір айлық бәсеке 15 қазан күні мәресіне жетіп, түрлі сайыстардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады.