9 АЙДА 103 МЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Избранное

Среда, 27 Октябрь 2021 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 700 раз

Бұл туралы ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қалалық департаментінің басшысы Бахтияр Өнербаев баспасөз брифингінде мәлімдеді. Жиында департаменттің биылғы 9 айда атқарылған жұмыстары қорытындыланды.

162

 

Жалпы, 1 қазандағы мәлімет бойынша, қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны 36 908 адамды құрайды. Бұл – тұрғындардың 3 пайызы.
– 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жалпы МӘС бөлімінде 10 773 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде алғашқы рет куәландырылғаны – 2 182, ал қайта куәландырылғаны – 8590 адам. Статистика бойынша, мүмкіндігі шектеулі статусы берілген жандар ішінде қан айналым жүйесі дертіне шалдыққандар саны
80 адамға көбейген, – деді департамент басшысы.
Айта кетейік, 2020 жылы пандемияға байланысты төтенше жағдай орнағанда азаматтардың мүгедектігі автоматты түрде ұзартылған. Департаментте, сонымен қатар, зейнетақы мен жәрдемақы алушы тұрғындарға да қызмет көрсетіледі. Спикердің айтуынша, Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 280 мыңнан асады.
Есепті мерзімде 47 671 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 65 пайызы – ХҚО, 34 пайызы «Электронды үкімет» порталы және проактивті қызметтер арқылы көрсетілген.
16 118 іс (33,8%) қаралған болса, қалған 406 қызмет түрі 0,9% МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жүзеге асырылған.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.