КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІНІҢ ӨРНЕГІ Избранное

Пятница, 05 Ноябрь 2021 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1160 раз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ мәдениет және спорт факультетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен Расул Естемесовтың «Көшпелілер өркениетінің өрнегі» атты шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеге оқу ордасының ректоры Дария Пернешқызы, оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

311

 

– Қазақ халқының маңдайалды суретшісі, кәсіби графика өнері шебері ретінде өзіңізді мақтан тұтамыз. Сіздің талант ретінде халық сүйіспеншілігіне бөленіп жүруіңіздің сыры – ел мен жердің киесін терең сезініп, туған топырақтан тамыр үзбей, ұлтымыздың ұлық қасиетін бойыңызға сіңіре білуіңізде болса керек. Оның дәлелі – сіздің жауһар шығармашылық туындыларыңыз. Шымкенттегі «Тасбақа жолы», Өскемендегі «Түйе» мүсіні, шаһарымыздағы ғимараттардың қабырғасындағы монументтік кескіндеріңіз қаламыздың көрікті жеріне айналып отыр. Сіздің әрбір туындыңыз жас суретшілердің шабытын оятып, шығармашылықпен айналысуына жол көрсету деп сенеміз, – деді құттықтау сөзінде Дария
Қожамжарова.
Расул Естемесовтің шығармашылығы тек қазақ елінде ғана емес, сондай-ақ, әлем елдерінде үлкен қызығушылық танытқан. Бүгінде таланттың табиғаттың тылсым сырларына тіл бітіріп, бейнелеу өнерінің байырғы сипатын жаңғыртып жүрген суретшінің өнер туындылары Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына қойылған. Суретші 1997 жылы ОҚО дизайнерлер федерациясының төрағасы болып тағайындалып, бүкілодақтық (Мәскеу, Ереван, Ялта, Бендер), республикалық және халықаралық (Франция) көрмелерге тұрақты қатысып келеді. Сонымен қатар сәндік қолданбалы өнермен айналысып, көптеген қазақи қолөнер сырмақ, текемет, киіз басу өнеріне жаңа леп берді.
Көрмеде сөз алған Расул Естемесов: «Егер мен дүниеге екінші рет келсем де суретші болар едім. Себебі, менің жанымның қалауы да осы. Өмірімді ұлттық қолөнерсіз елестете алмаймын. Сондай-ақ мен сурет салып, шығармашылықпен айналысқанда жаным рахат алып, рухани кемелдене түсемін» деді. Расында сурет өнері адам жанына ләззат сыйлайды, ал суретші шығармашылығы адамның ішкі айнасын көрсетеді.

Медеубек ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ Мәдениет және спорт факультетінің деканы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.