Егіздер көбейіп келеді Избранное

Среда, 17 Ноябрь 2021 03:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 773 раз

Ұлттық статистиканың мәліметінше, демографиялық өсім жағынан Шымкент Қазақстан мегаполистері арасында көш бастап тұр. Демографиялық дүмпу, бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты. Қуаныштысы сол – қалада биыл дүние есігін ашқан егіздердің саны өскен.

383

 

Жыл басынан бері қалада 305 егіз дүниеге келген. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда егіздер саны 100-ге артық, дейді дәрігерлер. 2021 жылы сыңарымен туған шақалақтардың басым бөлігі – қыз балалар.
– Байқасаңыздар, екі немесе одан да көп сыңардың бір мезетте егіз болып тууы барысында жүктілік мерзімі қысқа, сәбилердің салмақтары қалыпты жағдайдан жеңілірек болады. Сондықтан болар, егіздердің көбісі – шалабайлар. Шала туған сәбиді перзентханадан бірден шығармаймыз. Туған күннен бастап бір айға дейін күтім жасаймыз. Осы уақыт аралығында анасы мен сәбидің денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса, үйге шығуға рұқсат етеміз, – дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігері Жанат Үсенбаева.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 29 105 сәби дүние есігін ашқан. Биыл туған шақалақтың 14 105-сі – қыз бала, 15 000-ы – ұл бала. Ал үшемдердің саны бесеуге жетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.